БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ ҰЯЛАРЫ СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУҒА БЕРІЛЕДІ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ ҰЯЛАРЫ СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУҒА БЕРІЛЕДІ

Бұл туралы бүгін Орал қаласында өткен облыстық тамыз конференциясында БҚО әкімі Ғали Есқалиев мәлім етті, деп хабарлайды uralskcity.kz .

Облыс басшысы Ғали Есқалиевтің мәліметінше, биыл 2018-2019 жылдары жаңа құрылыс есебінен 8 білім обьектісі пайдалануға берілді. Мектептердің апаттылығын және үш ауысымдылықты жою мақсатында 2019 жылы республикалық бюджеттен Ақжайық ауданындағы 100 орындық интернатымен 300 орынға арналған Абай мектеп гимназиясының және Орал қаласында 900 орындық №51 мектебінің құрылысы жүруде. Жақын уақытта Қазталов ауданы орталығындағы 600 орындық Алма Оразбаева атындағы орта мектептің құрылысы басталады. Сонымен қатар Орал қаласында 900 орындық №52 және 300 орындық №33 орта мектептерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары әзір тұр. Тағы бес мектептің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалар жасақталуда. Алайда, облыс орталығы Орал қаласына халықтың қоныс аударуы себебінен үш ауысымды мектептер саны азаймай отыр. Орал қаласындағы №10, 18, 20, 47 және эстетикалық бағыттағы мектептер үш ауысымда оқушыларға білім беруде, №31, 33 қалалық мектептер, дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектебі, Ақжайық ауданы Абай ат.гимназиясы және М. Өтемісов атындағы орта мектеп,Қазталов ауданы А. Оразбаева атындағы орта мектеп, Сарықұдық негізгі мектебі апатты жағдайда.

– Аудан және қала әкімдері біріншіден, апаттық жағдайға жеткізбей күрделі жөндеуді қажет ететін мектептерді дер кезінде анықтап, құжаттамаларын әзірлеп, 5 жылдық даму жоспарға кезең-кезеңімен енгізуі қажет. Екіншіден, жаңа мектеп жобалық қуатын жоспарлауда елді-мекеннің миграциялық және демографиялық жағдайын ескеру маңызды. Үшіншіден, үш ауысымды мектептер проблемасын шешуде тек мемлекет қаржысы есебінен емес, жеке инвестицияны тартуға жұмыстанған дұрыс. Әсіресе, Орал қаласында бұл мүмкіндік жоғары, – деді облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы.

Сондай-ақ ол 507 мектепке дейінгі ұйымның 60-ы жеке екенін тілге тиек етіп, мектептерді де сенімгерлік басқаруға беру қажеттігін атады.Облыс басшысының мәліметінше, жыл соңына дейін кемінде екі мектепті сенімгерлік басқаруға беру туралы келісімшарт жасалмақ.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Оцените первым
(0 оценок)
Пока еще никто не оценил
Пока никто не рекомендует
Авторизируйтесь ,
чтобы оценить и порекомендовать
Комментарии