• Главная
  • EGOV MOBILE-МЕН БІРГЕ ӨМІРІҢДІ ӨЗГЕРТ!
16:45, 7 ноября 2019 г.

EGOV MOBILE-МЕН БІРГЕ ӨМІРІҢДІ ӨЗГЕРТ!

Фото со страницы компании NITEC https://www.facebook.com/nitec.kz/posts/2567042546915223

Фото со страницы компании NITEC https://www.facebook.com/nitec.kz/posts/2567042546915223

ХҚО барлық қызметтері eGov mobile мобильдік қосымшасында болады. eGov электрондық үкіметінің веб-әзірлеушілері (онымен сіздерді «ҰАТ ТҰЛҒАЛАРЫ» айдарында таныстыратын боламыз) әр сағат сайын eGov порталының жүйесін жетілдіріп, біздің өмірімізді жеңілдету үстінде.
Бүгінгі таңда eGov mobile мобильдік қосымшасында келесі танымал қызметтер қолжетімді:
• Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқтығы (бар екендігі) туралы анықтама, тұрғынүйдің меншік иесі туралы деректер;
• Сотталушылығы бар немесе жоқтығы туралы анықтама;
• Психоневрологиялық/наркологиялық/туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама;
• Тіркелген заңды тұлға туралы, заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігінің болуы туралы, құрылтайшылық құжаттардағы соңғы өзгерістер туралы анықтама, заңды тұлғаның барлық тіркеу әрекеттері туралы және т.б.;
• мүгедектікті растау туралы анықтама, базалық зейнетақы мөлшерінің есебі бойынша анықтама, баланың дүниеге келуі мен бала күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау туралы анықтама, өтініш берушінің (отбасының) мекенжайлық әлеуметтік көмек алушыға жататындығын растайтын анықтама және т.б.;
• автокөліктің меншік иесі туралы деректер мен тағы басқалар.
Қазіргі таңда мобильдік қосымшаның әзірлеушілері eGov mobile мобильдік қосымшасына кеңейтілген қызметтер мен мүмкіндіктер тізімін қосу үшін жұмыс істеп жатыр.
eGov mobile қосымшасы Play Market (Android) және App Store (iPhone) қолжетімді. Қалай авторластыру және басқа да мәліметтерді @nitec.kz және @egov.kz-те бұрын жарияланған посттарымыздан көре аласыз.

eGov mobile қосымшасын жүктеп алыңыз да, бізбен бірге жаңа цифрлық мүмкіндіктерге қол жеткізіңіз!

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##eGovmobile #mobile_eGov#еговмобильдікқосымшасы#ХҚОбарудыңқажетіжоқ #мобильдікқосымша#eGov #ХҚОжабық
0,0
Оцените первым
Авторизуйтесь, щоб оцінити
Авторизуйтесь, щоб оцінити

Комментарии

Объявления
live comments feed...