• Главная
  • Жаңа полигон құрылысы басталады
15:39, 14 сентября 2019 г.

Жаңа полигон құрылысы басталады

Фото : Pixabay.com

Фото : Pixabay.com

Оралда келесі жылы жаңа қоқыс жою полигонының құрылысы басталады деп хабарлады Uralskcity.kz-ке қала әкімі Абат Шыныбеков.

Ескі полигонның қызмет ету мерзімі - 2025 жылға дейін, бірақ Зашаған, Деркөл кенті және облыс орталығының шеті тұрғындарының қоқыс жою кезіндегі тұрақты түтінге шағымдары жаңа полигон құрылысын жеделдетуге әкеліп соқты.

Қоқыс үйіндісі үнемі бульдозерлермен және экскаватормен тазаланғанына қарамастан, адамдар ыңғайсыздықты тұрақты сезінеді.

- Жанып жатқан қоқыс метан бөледі. Бұл қалдықтарды дұрыс емес көму салдарынан орын алады. Біз қайта құнарландыру жүргіземіз, жану ошақтарын топырақпен жабамыз.

Қазір жаңа полигон құрылысы үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде, ол ескі полигоннан жеті шақырым жерде орналасатын болады, - деді қала басшысы.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
0,0
Оцените первым
Авторизуйтесь, щоб оцінити
Авторизуйтесь, щоб оцінити

Комментарии

Объявления
live comments feed...