17:28, 17 сентября 2019 г.
Дәмелі болған зорлықшының өтемі
Фото : Pixabay.com
Жәнібек ауданының тұрғыны жұбайын зорлауға әрекет жасаған көршісін өлтіргені үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды деп облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Uralskcity.kz хабарлайды.
36 жасар Батырханға әйелі қоңырау шалып, көршісі тарапынан зорлық-зомбылық көрсетіп жатыр деп көмек сұрайды. Бұл азамат үйіне келгенде, көршісі әлі оның үйінде болған. Ашуға булыққан Батырхан көршісін жұдырыққа алып, ал ол қашуға тырысқанда, пышақпен жүгірді.
Көршісінің әйеліне тиіскені үшін ақысы тым ауыр болды: ашуға басқан күйеуі 41-жасар көршісінің көзін ойып алып, содан кейін жылыту батареясына байлап қойды. Оқиғаны түсініп, өз-өзіне келісімен фельдшерді шақырған кезде оқиғаның соңын алу кеш еді: зорлауға дәмелі болған ер адам қайтыс болды.
ҚР ҚК-нің 106-бабы, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiрді деген айыппен оны соттады. Ол өз кінәсін ішінара мойындады, бұл әрекетке барудың басты себебі әйелін қорғады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:00
9 декабря
15:00
9 декабря
13:01
9 декабря
Объявления
14:43, 30 ноября
live comments feed...
Комментарии