16:38, 4 сентября 2019 г.
«Ақ Орда» өкілінің сапары
Орал қаласында Премьер-министр Асқар Мамин болды.
Премьер-министрдің өңірімізге жасаған сапарында мұнай-газ конденсатты кен орындарын, өнеркәсіп кәсіпорындарын аралады, сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына, мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындалу барысына көңіл аударды деп хабарлайды uralskcity.kz. облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасай отырып.
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» және«Жайықмұнай» ЖШС кәсіпорындарының қызметімен танысу барысында Премьер-Министрге 2019 жылдың қорытындысы бойынша БҚО-да 19759,5 миллион текше метр газ және 11,4 миллион тонна мұнай өндіру жоспарлануда деп хабарлады.
Сонымен қатар А.Мамин «Желаев нан өнімдері комбинаты», «Кублей», «Квант» ЖШС, «Акваөсіру тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісінің оқу-ғылыми кешені», «Болашақ-Т»үй құрылысы комбинаты, «Орал трансформатор зауыты», «Кама-Орталық»(шиналарды және құрамында резина бар қалдықтарды өңдеумен айналысады) кәсіпорындарында болды.
«Нұрлы Жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы баяндай келе, облыс әкімі Ғали Есқалиев «Ақ Орда»өкілін салынып жатқан «Ақжайық» шағын ауданына алып барды.
- Асқар Мамин оқу орнының оқытушылары әзірлеген ғимараттар мен нысандарды 3D-жобалау жүйесінің жұмысын қарап шықты, сондай-ақ оған аймақты цифрландыру жөніндегі жобаларды ұсынды, - деп хабарлайды ақпарат көзі.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:00
12 декабря
08:00
12 декабря
18:00
9 декабря
15:00
9 декабря
13:01
9 декабря
Объявления
14:43, 30 ноября
live comments feed...
Комментарии