09:21, 5 сентября 2019 г.
Этноауыл кешені ашылды
Қала күні мерекесіне орай Оралдағы Тұңғыш Президент алаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ақжайық этноауылы» ұлттық мәдени кешені ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарды ұлықтағауға бағытталған этноауылды қала тұрғындары 10 күн бойы қызықтай алады. Бұл туралы облыстық халық шығармашылығы орталығына сілтеме жасап, Uralskcity.kz хабарлайды.
«Ақжайық» этноауыл ұлттық мәдени кешені – қазақ халқының материалдық, рухани байлығы - салт-дәстүр, ұлттық ойыны мен тағамдарын әлемге танытып, отандық туризмді дамыту мақсаты және ақылы қызмет түрлерін көрсету бағытында ашылып отыр. 4қыркүйекте салтанатты түрде бстау алған этноауыл кешенінің ашылу рәсімінде Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтап сөз сөйледі. Одан әрі Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.Этноауылда қала және аудан орталығының киіз үйлері құрылып, «Өрнекті өнер» - ұлттық қолданбалы өнер бұйымдары шеберлерінің жәрмеңкесі, «Алтын сақа» - ұлттық ойындар сайысы алаңы,«Ұлттық асхана орталығы» - ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, «Жәдігер» жылжымалы музей экспозициясы, «Өнерлі өлке» - ұлттық мәдениетімізді дәріптейтін концерттік бағдарлама және облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициялық көрмелері, киіз үй құру шеберлік сағаты, киіз үй ішінде суретке түсу шаралары ұйымдастырылды.
Этноауыл ұлттық мәдени кешенінің ашылуында Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай мәдени шара ұйымдастырып, ақын мұрасы ұлықталды.
Өңіріміздегі ауқымды шараға қала және аудан орталықтары атсалысуда. Ұлттық мәдени кешеннің ашылуында Бөрлі және Бөкейордасы ауданының қолөнер шеберлері өз өнімдерін ұсынды.
Жайық өңірінде ұлттың жадымызды жаңғыртып, халқымыздың қадір-қасиетін арттыруға, көпшілікке танытуға бағытталған ұлттық мәдени кешенінің жұмысы 15 қыркүйекке дейін жалғасатын болады.
Осы күндері әрбір этноауылға келушілер өздеріне:отбасы, сондай-ақ достармен демалуға, мәдени-рухани құндылықтарды тануға, адам ағзасына пайдасы теңдессіз ұлттық тағамдар: қымыз, шұбат, қаймақ, бауырсақ т.б. және өнер шеберлерінің сәндік-қолданбалы кәдесыйларын сатып алуға, ұлттық ойын сайыстарына қатысу мүмкіндіктерін аша алады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:00
12 декабря
08:00
12 декабря
18:00
9 декабря
15:00
9 декабря
13:01
9 декабря
Объявления
14:43, 30 ноября
live comments feed...
Комментарии