• Главная
  • Құқық бұзушылықтың қайта саралануы әділетті ме?
20:24, 3 сентября 2019 г.

Құқық бұзушылықтың қайта саралануы әділетті ме?

Құқық бұзушылықтың қайта саралануы әділетті ме?

Қылмыстық қудалау аясында қалған Алексей отбасын қылмыстық істі тергеудің объективтілігіне күмәні Uralskcity.kz-ке әкелді.

Кеше біз «KIA Rio» автокөлігі қағып қайтыс болған 21 жасар Игорьдің қаза болғаны туралы әңгімеледік, ал бүгін таңертең қайғылы оқиға алдындағы жағдайлар бізге белгілі болды.

Айыпталушының жұбайының өтініші бойынша оқиға қатысушыларының есімдері өзгертілгенін бірден ескертеміз.

Сонымен, 24 тамызға қараған түні Алексей достарымен бірге өзінің таныстарының бірін 4-ші шағын ауданға апарып, досымен Сергей шылым шегіп тұрған кезде бұта арасынан шығатын әйел дауысын естіді. «Көмектесіңдер!», - деп бейтаныс әйел көмекке шақырды, бөтен адамның қайғысына бей-жай қарамайтын ер адамдар оған көмекке аттанды.

Алексей мен Сергей келгенде, жас жігітті көрді, «Не болды?» - деген сұраққа әйел жігіттің тиісіп тұрғанын айтты. Бейтаныс адамға өзінің қылмыстық ойын аяғына дейін жеткізбей, Сергей әйелге көмегін созды. Үрейге бой алған бейтаныс әйел қорғаушысынан оны апарып тастауын сұрағандықтан Сергей өтінішін орындаған болатын.

Сергей 2-3 минут өткеннен кейін қайтып келе жатырғанда, келесі жағдайды көрді: досы Дмитрий (Сергей кету сәтінде ол машинада қалды)жерде жатты, ал Алексей және сол шағын ауданға апарып тастаған серіктесі қасында үш жас адамнан тұратын топ тұрды.

- Ал қорғаушы да келді, - деген мысқыл сөздің өз атына бағытталғанын Сергей естіді, онымен қоймай агрессивті көңіл-күйдегі жігіттер тарапынан шабуыл жасалды. Алексей досымен (4-ші шағын ауданға әкелген), бейтаныс адамдардан осымен тоқтауларын сұрайды, бірақ жас жігіттер алған бойынан қайтпады.Осы уақытта Дмитрий жерден көтеріле бастағанда тағы да басынан соққы алып, есінен танып қалды.

Сергей төбелеске араласып кетті, кейін көп ұзамай қақтығыс кішкене басылған кезде, жігіттердің бірінің Сергейге футболкасын жыртып тастағанын тілге тиек етіп қарсы шабуылдай бастағанын байқайды. Қайтадан төбелесті болдырмау үшін, Сергей өзінің футболкасын шешіп, қарсыласына лақтырды. Осы уақытта Алексей қансыраған Дмитрийді машинаға отырғызуға тырысты.

Жанжал таусылған сияқты болып көрінгенмен, үш жас жігіт қайтадан Сергейді соққыға алуға тырысты.Қауіпті сезінген Сергей қаша бастады, жас жігіттер тобы оны қуа жөнелді. Осы уақытта Алексей Дмитрийді машинаға отырғызып алып, досының қайта ұрып-соғуына жол бермеу үшін, автокөлікпен қуып, Сергейден қудалаушыларды кесіп өтуге тырысты.

Қашып келе жатырған Сергей ирелеңдеп жүгірді, бірнеше рет автожолдың бір жағынан екінші жағына жүгірді. Бір сәтте, артына қарағанда, оның ізіне түскен жігіт Алексейдің машинасына соғылып, капотына түсті, бірақ бір мезеттен кейін жігіт сырғанап кетті. Ол Игорь болатын.

Кейін тергеу барысында Алексей айтып өткендей, ол адамға ауыр дене жарақатын келтіргенін ұғынады, алайда оның өлімі туралы ойламаған. Тергеушінің «неге тоқтаған жоқсың?» -деген сұрағына, машинада қансыраған досы жатқанын, ал қарсыластар қудалауды жалғастыра берді деп жауап берді. Жігіт тоқтап, Сергейді отырғызып алғаннан кейін, кетіп қалған. Тек бірнеше күндер өткеннен кейін, Игорь әкесінің үндеуін оқып, өзін сол шетелдік көлік жүргізушісі ретінде таныды. Сол кезде оған жігіттің өлімі туралы белгілі болды.

Алексей адвокат Светлана Уразалиеваға жүгініп, құқық қорғаушымен бірге өз еркімен полицияға келді.Егер бастапқыда сотқа дейінгі тергеп-тексеру көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарын пайдалануда абайсызда адам өліміне әкеп соққан фактісі бойынша жүргізілсе, қазір Алексей қасақана кісі өлтіргені үшін айып тағылған. 2 қыркүйекте ер адам қамауға алынды, ал, 4 қыркүйекте қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот Алексейді екі ай мерзімге қамауға алуды санкциялады.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы Сергеймен, Алексейдің жұбайыАлинамен және құқық қорғаушымен әңгімелесу негізінде жарияланып отыр. Сонымен қатар, біз сол кештегі зардап шегуші әйелге де сұрақ қоя алдық.

Айтпақшы, әйелдің жеке басы туралы анықтау сотқа дейінгі тергеу органы (полиция) емес, Алинаның анықтағанына назар аудару маңызды.

Тағы да, әлеуметтік желілер арқылы Алексей зайыбы 24 тамызға қараған түні 4-шағын ауданында тек басқаның қайғысына бей-жай қарамайтын ер адамдардың іс-әрекетінің арқасында зорлық-зомбылықтан аман қалған әйелдің жауап беруін сұрады.

Әйел (оны Ольга деп атайық) хабарға шығып, адвокат С. Уразалиеваның өтініші бойынша тергеуші сұрақтарына жауап берді. Ол бейтаныс жігіт оған зорлық-зомбылық көрсеткісі келгенін, бірақ ерлер оны құтқарғанын растады.

- Мақаланы қасақана кісі өлтіруге қайта сараланғанын әділ деп санайсыз ба? – деп Ольгаға uralskcity.kz тілшісі өзінің басты сұрағын қойды.

- Менің ойымша, бұл әділетсіз. Егер көмек болмаса, менімен бұл жігіттер не істейтінін елестете алмаймын. Ерлердің де қарсыласуы оларды тоқтатпағандақорғансыз жалғыз әйелге күш көрсету түк емес, - деп өз пікірін білдірді 38 жасар Ольга.

Сол түні әйел сіңілісінен келе жатырғанда, оның артынан жас жігіт қалмады. Онымен жыныстық байланысқа түсу ниетін бейтаныс жасырмады және Ольга оны ақыл-ойға келтіруге тырысты:

- Бұл саған неге керек, сен шамамен менің ұлымның құрдасысың.

- Мен сені білемін, сен № _ үйде тұрасың, сізде бәрі "цензура" (жеңіл мінез-құлық әйелдері) сондай, - деп жауап берді жас адам.

Содан кейін, ол әйелді шашынан ұстап алып, оны бұтаға қарай сүйреп ала жөнелді. Осы уақытта Ольга «Көмектесіңдер!»,- деп айқайлап және оның шақыруына екі ер адам келді.

Әрине, Ольга «Одноклассники» форумында жарияланған Алексейдіңжұбайының өтінішін елемей қалдыруға адамгершілік қасиеті жол бермеді.

- Неге жәбірлеушіге қатысты полицияға арыз жазбадыңыз?,- деп сұрады сайт тілшісі.

- Ол өйткені ештеңе істеп үлгерген жоқ және ұлыммен шамалас жігіт..., - деп жауап берді Ольга.

Бұл жерде зардап шегуші әйелдің бірден жас адамға шара қолданбауы әйелдің жасы да, оның көмек туралы өтініші де бұзақы жігітке ешқандай маңызды болмаған, тек осы жалпы көп пәтерлі тұрғын үйге тұратындығын білетіндігі әйел адамға қорқыныш болып табылғандығы себебі болуы деп аңғару қиын емес. Ольга қандай үйде тұратынын білетіндігі туралы мәлімдеме қазірдің өзінде қауіп-қатерге меңзеу ретінде бағалауға болады.

Айтпақшы, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 180 және 184-баптары тергеушінің немесе прокурордың қылмыстық құқық бұзушылықты анықтау туралы баянат беру арқылы сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы мәселеге бастамашылық жасау құқығын көздейді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл жас жігіт өз ниетінен өз еркімен бас тартқандықтан емес, тек оған кедергі келтіргендіктен ғана өзінің қылмыстық пиғылын жеткізе алмады деген ойға жол бермейді.

Материалмен жұмыс істеу шеңберінде оның авторы тергеуші Марат Базаровпен хабарласты және бірнеше сұрақты жолдады, олардың бірі – «Сотқа дейінгі тергеу органы қорғаусыз әйелді қорлауға тырысқан жігіттің іс-әрекетіне заңдық баға берді ме?». Сонымен қатар«Сот-медициналық сараптама нәтижесі дайын болмай тұрып (Алексей адвокатының айтуынша), қылмыстық құқық бұзушылықты қайта сараланған немен байланысты?» деген сауал да өзекті болып отыр.

- Сергей (жағы сынған) және Дмитрий (бұғанасы зақымдаған) дене жарақатын салу және Игорьді басып кету фактілері бойынша материалдар неліктен бір өндіріске біріктірілмеген?

- Алексей мен Сергейдің қорғансыз әйелге қатысты қылмыстың алдын алғаны тергеу барысында назарға алынды ма?

Адвокат Светлана Уразалиева «Неге қасақана кісі өлтіргені туралы айыптаудың негізіне төбелеске қатысты болып табылатын куәгерлердің айғақтары алынды, ал олар қорғап қалған әйел мен оның достарының айғақтары еленбейді?»,- деп наразылық білдіруде.

Осыдан келесі сұрақ туындайды – «күш қолданып, әйелді бұта қуысына сүйреп, кейін егер оны ешкім де, қандай да бір құқыққа қарсы әрекетпен ренжітпесе не үшін өз жолдастарын шақырды?».

Алинаның хабарлауынша (еске салсақ, қамалушының жұбайы), іс материалдарында автокөлікті тексеру хаттамасы бар, онда бамперге зақым келгені, айна сынғаны, тепкеннен қалған аяқ киімнің іздері тіркелген. Төбелес бастағандарға қарсы біршама сұрақтар жинақталған. Дегенмен де, тергеу және қадағалау органдары оларды нақтылауға тырысады деп үміттенеміз (кері байланысқа үміттенеміз).

Материал соңында құқық қорғау органдары мен жұртшылық арасында бірнеше жыл бұрын «Детсад» ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің кіреберісінде зорлап, өлтірілген Айдана Хамидуллинаның зорлау фактісін еске салғым келеді. Басқа жағдайда қызды Жайық өзені жағасына апарып, аяусыз қорлап, өмірінен айырды. Байғұсты ұрып-соғып, Гагарина көшесінде бойынша өтіп жатырған автокөлік жүргізушілері көзінше автокөлікке салып жатырғанын көрсе де, біреуі де полицияға телефон шалмаған.

Екі іс де қоғамдық резонанс тудырды, сол кезде қылмыстық полиция басшылары, ІІД қылмыс куәгерлері мен куә болғандарды немқұрайлылығына айыптады. Алексей және оның достарымен болған жағдайда біз мүлдем кері жағдайды көріп отырмыз: ерлер әйелді құтқарды, ал нәтижесінде не? Олардың біреуі қасақана кісі өлтіргені үшін айыпталып отыр. Бақытымызға орай, әлеуметтік желілер бар, соның арқасында осы қайғылы оқиғаның басты куәгері табылып, түсінік беруден қорықпады.

Uralskcity.kz Игорьдің туған-туыстарына көңіл айтады. Ата-аналар үшін баласынан айырылудың үлкен қайғы жоқ.

Өз жолдастарының құқыққа қарсы әрекеттерінің жолын кесудің орнына төбелеске жол берген жас жігіттерге мінездеме беруден аулақпыз. Бірақ адвокаттың Сергей мен Алексейді қалай сипаттайтынына назар аударғым келеді:

- Менің қорғауымдағы жігіт өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам, 15 жасынан бері жұмыс істеп келеді. Жақсы отағасы, жас бала тәрбиелеп отыр. Мүгедек анасына қамқорлық жасайды.

Сергей табысты кәсіпкер, оның да отбасы, балалары бар. Бірақ бұл жігіттерді нағыз ерлер деп аталуға лайықты екенін ең жақсы дәлелі – олардың әлсіздерді, әйелдерді қорғауға тұру қабілеті болып табылады.

Қылмыстық қудалау органдары объективті болуға тиіс.

Біз бұл оқиғаға нүкте қоймаймыз, сотқа дейінгі тергеу барысын қадағалауды жалғастырамыз, егер қарама-қарсы жақта немесе құқық қорғау органдарында қарсы жауап бар болса, uralskcity.kz әр адамның пікірін жариялауға дайын.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
0,0
Оцените первым
Авторизуйтесь, щоб оцінити
Авторизуйтесь, щоб оцінити

Комментарии

live comments feed...