10:43, 2 сентября 2019 г.
Ақсақал азаматтық ұстанымын білдірді
Оралда Конституция күнін мерекелеу кезінде Абай алаңында 78 жастағы ақсақалдың жалғыз өзі тарапынан наразылық акциясы өтті деп хабарлайды Uralskcity.kz.
Галиулла Гумаров өзі атап өткендей, елдегі саяси ахуалға наразылығын бірнеше рет ашық көрсетіп отыр және бұл жолы саяси тұтқындарды босату туралы талаппен қатар, ол Елбасының Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзін сынға алды. Әңгіме желісі Қазақстандағы басты партия көшбасшысының пікірінше, аз қамтамасыз етілген отбасылардың барлық материалдық қиындықтарын шешуі тиіс «екі сиыр» туралы болып отыр.
Ақсақал елдің негізгі Заңы халыққа жұмыс істеуі тиіс, сондықтан отандастарды мемлекеттің ішкі саясатына қатысты өз пікірін айтуға қорықпауға шақырды, себебі балалардың, немерелердің болашағы халықтың дауысына байланысты екенін атап өтті.
Пикет бейбіт өтті, билік өкілдері тарапынан егде адамның өз еркін білдіруіне ешқандай кедергі болған жоқ.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:00
12 декабря
08:00
12 декабря
18:00
9 декабря
15:00
9 декабря
13:01
9 декабря
Объявления
14:43, 30 ноября
live comments feed...
Комментарии