• Главная
  • Оралда «Қала күніне» орай 40-қа жуық шара өтеді
12:00, 31 августа 2019 г.

Оралда «Қала күніне» орай 40-қа жуық шара өтеді

Оралда «Қала күніне» орай 40-қа жуық шара өтеді

Дәстүрлі «Қала күні» мерекесі биыл Оралда 3-7 қыркүйек аралығында аталып өтеді. Осы аралықта қала аумағында 40-қа жуық түрлі спорттық және мәдени іс-шаралар жоспарланған. Бұл өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов мәлім етті, деп хабарлайды Uralskcity.kz 

Оралда «Қала күніне» орай 40-қа жуық шара өтеді, фото-1

–Биыл да атаулы мерекеге орай ауқымды іс-шаралар мен жобалар жоспарланып отыр. Арнайы қала күнінің логотипі жасақталды. Логотиптің астынан және үстінен үш толқын көрініп тұр. Бұл қаланың айналасындағы үш өзенді білдіреді. Қаламыз абаттандырылған жасыл қала болған соң ортасына жасыл белдеу салынған. Бір жағынан бұл шексіздік мағынасын білдіреді, ұлттық оюымызға да ұқсайды. Яғни ұрпақтан-ұрпаққа осындай көрікті қаламызды сақтауымыз керек. Жанындағы сары белгілер шаһардың шаруашылығынан хабар береді,  – деп алдымен «Қала күнінің» логотипін таныстырған қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов шаһар тойы шеңберіндегі бұдан әрі жоспарлы шараларға тоқталды.  
Қала күнін атап өтуге бюджеттен негізінен 9 млн. теңге қаражат бөлінген. Бұған қоса жергілікті кәсіпкерлер 9 млн. теңге ұсынып отыр. Бақытжан Хаберұлының мәлімдеуінше, бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында биыл отшашулар болмайды. Оған жұмсалатын қаржы Зашаған кентіндегі №5 кітапхананың күрделі жөндеуіне бағытталған. Аумағы 300 шаршы метрді қамтитын, толықтай заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған кітапхана қалалықтардың рухани демалатын орнына айналары сөзсіз. Онда балалар алаңы, кофе ішетін орын, коворкинг орталығы да қарастырылған. Жаңартылған рухани орталық 6 қыркүйекте ашылады. 
Сондай-ақ «Қала күні» мерекесі аясында 3, 4, 5 қыркүйек күндері кешкілік Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында «Орал-Опера» классикалық музыка концерті, Орал қаласы әкімінің кубогі үшін КТА фестивалі, І Облыстық «Жайықтың би әлемі» би фестивалі өтеді.

Мерекеге арналған шаралар 5 қыркүйекте Абай алаңында танымал диджейлердің қатысуымен ұйымдастырылатын «OPENAIR» жастардың би кешімен жалғаспақ. 6 қыркүекте «Жастар» стадионында І қалалық «Ұлттық мектеп лигасының» ашылып, Жайық өзені жағалауында ІІІ «Жайық сазы» дәстүрлі өнер фестивалі өтеді.

«Қала күнінің» басты шаралары 7 қыркүйекке жоспарланған. Ертемен Облыстық филармонияда қала әкімінің салтанатты қабылдауымен басталатын шаралар легі Н.Назарбаев даңғылы мен Д.Нұрпейісова көшесінде өтетін «Променад» бағдарламасы, қолөнер жәрмеңкесі, «Шеберлер қалашығы», гүлдер фестивалі, «Оқитын қала» акциясы, буккросинг, асық ату, бес асық, «STREET WORKOUT», «Биле, Орал» (брейк-данс) фестивалі, фотокөрме, суретшілердің шеберлік кластарымен өріледі. Бұдан әрі ҚР Тұңғыш Президенті алаңында «Сапалы өнім – 2019» көрмесі, «Ақжайық» этноауылының жұмысы таныстырылады. Қазақстан халқы Ассамблеясы үйі алдында Ұлттық киімдер фестивалі өтеді. Дәл осы күні Зашаған кенті бағытына орналастырылған «Исатай мен Махамбет» ескерткіші салтанатты түрде ашылады. 
Ал кешкісін оралдықтар мен қала қонақтарын П.Атоян атындағы стадионда Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала күніне арналған мерекелік гала концерт өтеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
0,0
Оцените первым
Авторизуйтесь, щоб оцінити
Авторизуйтесь, щоб оцінити

Комментарии

Объявления
live comments feed...