17:08, 29 августа 2019 г.
Надежный источник
Мұғалімдер дайындаудың жаңа форматы
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымы базасында Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ орталығы педагогикалық колледждерді жаңғырту бойынша пилоттық жобаның тұсаукесері өтті.
Орал – педагогикалық колледждерде кәсіби дайындық деңгейін арттыруға бағытталған жаңа эксперименттік бағдарламаны сынақтан өткізуді бастаған республикадағы алғашқы қала екендігін атап өткен жөн. Жоба аясында жалпы білім беру және кәсіби пәндер бойынша 108 оқу бағдарламасы енгізілуде, оларды әзірлеуге үздік отандық және шетелдік тәжірибелер (атап айтқанда, Финляндия, Англия, АҚШ елдері) қатысты.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова бастауыш білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Сонымен қатар, Күләш Шәмшидинова «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорына НЗМ кітапханасының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған заманауи әдебиеттермен жабдықталғаны үшін алғысын білдірді.
- Егер бастауыш мектеп мұғалімі оқушыға жақсы негіз берсе, ол оқуда жетістіктерге жетеді, - деп атап өтті Қ. Шәмшидинова.
Облыс әкімі Ғали Есқалиев өз сөзінде қазақстандық өсіп келе жатырған ұрпаққа бастауыш білімнің маңыздылығын атап өтіп, бүгінгі таңда бастауыш сынып мұғаліміне оқушыларды тек қана оқу мен жазу арқылы оқыту жеткіліксіз екеніне назар аударды.
- Мектеп балаларға әлемді танып-білуде дамытуға мүмкіндік беретін инновациялық әдістерді меңгерген заманауи ұстаздарды қажет етеді, - деді өңір басшысы.
Біздің облыста бастауыш білім беру педагогтары кадрларының негізгі ұстаханасы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі екендігі белгілі және бұл кәсіптік оқу орны «НЗМ» - мен қатар пилоттық жобаны іске асырушы болып табылады. Жаңа бағдарламаны енгізу БҚО әкімдігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы қол қойған меморандум аясында жүзеге асырылады.
Педагогикалық колледждің директоры Светлана Бахишева жаңа бағдарламаның артықшылықтары туралы айта отырып, оқытушы әдістемелік көмек сұрап, өз студенттерін қажетті ресурстармен қамтамасыз ете алатын электрондық білім беру порталының мүмкіндіктеріне тоқталды.
Сондай-ақ, пилоттық жоба аясында Ж. Досмұхамедов педагогикалық колледж қабырғасында бастауыш мектеп кабинетін іске қосады, онда зерттеу дағдыларын дамыту, жобалау қызметі, сандық және STEM-технологияларды қолдану үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер қарастырылған. Атап айтқанда, бастауыш мектеп кабинеті сандық датчиктермен, модульдік конструкторлармен, робототехника жиынтықтарымен және басқа да қажетті техникамен жабдықталған.
- Жабдықтар Білім және ғылым министрлігінің стандарттары мен талаптарына, қауіпсіздік талаптары мен санитарлық нормаларға сәйкес келеді, - деп атап өтті "Kazdidac" оқу жабдықтарын өндірушілер мен жеткізушілер қауымдастығы басқармасының төрағасы Валерий Лебедев.
Светлана Бахишева «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ-на Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжіне республика бойынша бірінші болып пилоттық жобаны енгізу мүмкіндігі ұсынылғанына алғыс білдіріп және оқу орны үшін бұл үлкен құрмет екенін атап өтті.
Жоба тұсаукесерінен кейін екі күндік семинар өз жұмысын бастады, онда әлемдік педагогиканың топ сарапшылары: Питер Мехисто (Лондон Университет колледжі, Ұлыбритания), Джоан де Брито (Авейрус университеті, Португалия) баяндама жасады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:00
30 октября
14:13
30 октября
14:10
30 октября
14:00
30 октября
08:50
30 октября
17:10
11 октября
12:10
11 октября
Объявления
08:20, 31 октября
3
08:20, 31 октября
08:20, 31 октября
3
live comments feed...
Комментарии