БҚО аумағында жаңа психобелсенді заттар табылды

БҚО аумағында жаңа психобелсенді заттар табылды

 «Паутина» операциясы барысында психикаға белсенді әсер ететін жаңа заттар табылды.

Батыс Қазақстан облысында облыс аумағына жаңа психобелсенді заттар мен синтетикалық есірткі өнімдерін жеткізу арналарының жолын кесу мақсатында есірткіге қарсы «Паутина» операциясы ұйымдастырылды. Жедел алдын алу шарасы барысында батысқазақстандық полицейлер тоғыз құқықбұзушылық жағдайды анықтады. Оның үшеуі – қылмыс, алтауы – қылмыстық әрекет.  

Атап айтқанда, бір факт – Қылмыстық Кодекстің 236-шы бабы, 4-тармағы (аса ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау), екі факт – Қылмыстық Кодекстің 300-бабы 1-тармағы (құрамында есірткілік заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру), алты факт – Қылмыстық Кодекстің 296-бабы 2-тармағы (өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау) бойынша қаралуда.

Үш жағдайда бақылауға жататын психобелсенді заттар тәркіленді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Оцените первым
(0 оценок)
Пока еще никто не оценил
Пока никто не рекомендует
Авторизируйтесь ,
чтобы оценить и порекомендовать
Комментарии