• Главная
  • Батыс Қазақстан облысында капитан Мәсәлім еске алуға арналған волейболдан аудандық турнир өтті
Капитан Мәсәлім еске алуға турнир
19:00, 14 декабря 2019 г.

Батыс Қазақстан облысында капитан Мәсәлім еске алуға арналған волейболдан аудандық турнир өтті

Капитан Мәсәлім еске алуға турнир
Батыс Қазақстан облысында капитан Мәсәлім еске алуға арналған волейболдан аудандық турнир өтті

13 желтоқсан күні Сырым ауданы Аралтөбе ауылының Аралтөбе орта мектебі спорт залында 2019 жылдың 27 наурыз күні Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Ми-8 әскери тікұшағында апатқа ұшыраған Аралтөбе ауылының тумасы, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған капитан Мәсәлім Сырым Мәлкейұлын еске алуға арналған ерлер арасындағы волейболдан аудандық турнир өтті.

Қайсар спорт клубы мен Аралтөбе ауылдық округі əкімдігі қолдауымен ұйымдастырылған жарысқа 5 команда қатысты. Олар Бұлдырты, Қособа, Жамбыл, Аралтөбе Жастар жəне Ардагерлер командалары.

Тартысқа толы жарыстың нәтижесінде Бұлдырты командасы 1-орын, Қособа командасы 2- орын, Жамбыл командасы 3-орын иеленді.

Жарыстын үздік қорғаушысы болып Ардагерлер командасының ойыншысы Қыдырниязов Амангелді атанды.

Ал жарыстың үздік ойыншысы Кайыргалиев Рахымбек аттанды. Командаларға медальдармен ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Жарыстың бас демеушілері ата-анасы жəне Аралтөбе ауылының жігіттері Молдашов Сержан мен Кубеев Тұрар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Еске алуға волейбол турнир
12,0
Высокие оценки пользователей за Достоверность
Авторизируйтесь, чтобы оценить
Авторизируйтесь, чтобы оценить

Комментарии

Объявления
live comments feed...