18:37, 6 сентября 2019 г.
Ағасы-педофил
БҚО-да бір жыл ішінде екі кәмелетке толмаған туыс қарындастарына және құрбысына қатысты сексуалдық әрекет жасаған ер адам сотталды.
Педофил – 41 жаста, оның ішіндегі 13 жылын түзеу колонияларындабұзақылық, ұрлық және тонаумен өткізген деп хабарлайды Uralskcity.kz.
Іс күш қолдану әрекетінің 6 эпизоды бойынша жабық режимде қаралды.
Үлкен қыз – 13 жаста, қалған екі қыз – 11 жаста болған.
Сотта қылмыскер жасаған әрекетіне өкінгендігін білдірді, бірақ бұл оны 16 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі әділ жазадан құтқарып қалған жоқ. Сондай-ақ ол педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен байланысты жұмыспен айналысу құқығынан өмір бойы айырылды. Айтпақшы, педофил жазасын төтенше қауіпсіздік түзеу мекемесінде өтеу керек (ерекше режим). Жазасын өтеу орнында ер адам маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделетін болады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:00
12 декабря
08:00
12 декабря
18:00
9 декабря
15:00
9 декабря
13:01
9 декабря
Объявления
14:43, 30 ноября
live comments feed...
Комментарии