Орал қаласында жаңа мектеп салынуда

Орал қаласында жаңа мектеп салынуда, Эльмира Есенгалиева

Орал қаласында 900 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды uralskcity.kz.

Ағымдағы жылы мемлекет басшысының апатты және үш ауысымды оқытудағы мектептерді жою туралы тапсырмасын орындау мақсатында Орал қаласы Зашаған кентінде 900 оқушыға арналған №51 мектептің құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айынан басталып, қазіргі уақытта қарқынды іске асырылып келеді. Мердігер –  «Нұркапстройгаз» ЖШС.

Нысан құрылысы бойынша жер жұмыстары және іргетас жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда қабырғаларды қалау жұмыстары жүргізілуде. Мектеп ғимараты 3 блоктан және 3 қабаттан тұрады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Оцените первым
(0 оценок)
Пока еще никто не оценил
Пока никто не рекомендует
Авторизируйтесь ,
чтобы оценить и порекомендовать

Комментарии