• Главная
  • Зашағандағы кітапхана жаңарды
13:06, 6 сентября 2019 г.

Зашағандағы кітапхана жаңарды

Зашағандағы кітапхана жаңарды

«Қала күні» қарсаңында Зашаған кентінде орналасқан Орал қалалық орталықтандырылған №5 кітапхана филиалы  күрделі жөндеуден өтіп, тың жобамен өз оқырмандарын қуантты. Алғаш рет кітапхана қабырғасында Коворкинг орталығы ашылды, деп хабарлайды Uralskcity.kz.

Бүгін өткен жаңарған кітапхананың салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Абат Шыныбеков, зиялы қауым өкілдері  қатысып,  кент тұрғындарының қуанышына куә болды.

– Бұл кітапхана осы жердегі рухани орталыққа айналуы тиіс. Ардагерлеріміз осы орталыққа келіп, келер ұрпақпен тәжірибе бөліссе, кітапхана тек кітап алатын орын емес, рухани азық мекеніне айналады деген ойдамын. Мұнда жастарға да жағдай жасалған. Мұның барлығы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде жасалып жатқан игілікті істердің бірі ғана. Алда тұрған міндет бұдан да жоғары. Осы кітапхананы жаңарту үшін қала күні мерекесі аясында өткізілетін шараларды азайтып, бюджет қаржысын кемітуге тура келді. Мәселен, биыл отшашу болмайды. Отшашуды он бес минут тамашалағанша, осындай рухани орталық халыққа қызмет етсін дедік. Орталық тек кітап беретін абонементтік орталық емес,  ғаламтормен жабдықталған, жастар еркін пікірталас орнататын  орын. Болашақта кітапхана меңгерушісі коммуникативтік орталықтың жетекшісі ретінде де барлық салаға қызмет ететін маман болуы тиіс. Бірқатар жаңа технологияларды енгізіп жатырмыз. Бұл осы кенттегі болашақтағы үлкен мәдени  орталықтардың бастауы болсын, – деді салтанатты ашылу сәтінде сөз алған қала басшысы Абат Абайұлы.

Кітапхана меңгерушісі Гүлайым Ақашаеваның айтуынша, қазіргі таңда кітапхананың 4200-ден аса тұрақты оқырманы, 65 мыңнан аса  кітап қоры бар. Жаңадан ашылған Коворкинг орталық оқырмандармен етене еркін  жұмыс істеуге лайықталған.  Яғни, кез келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, тоғызқұмалақ, дойбы ойнауға  зор мүмкіндік бар. Бір сөзбен айтқанда, кітапханаға келушілердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдай жасалған. Кітапханадағы коворкинг орталығы арқылы оқырман тегін ғаламтор желісіне кіріп, аталмыш бөлмеде жабдықталған компьютер, планшеттермен қатар өзінің де гаджеттерін пайдалануға, ашық wi-fi пайдалануға, QR-код арқылы онлайн режимде оқуға болатын кітаптармен танысуына болады. Сонымен қатар балаларға арналған бұрыш әр түрлі ойыншықтармен, пуф-кресломен, кітапқа арналған сөрелермен, үстелдермен қамтамасыз етілген. Балалар келіп ойнауына, кітап оқуына немесе сабақ оқуына, не болмаса сүйікті бір ісімен айналысуына болады.

Бұл күні «Елжас» ЖШС өкілі Саида Құрманғалиева заманауи кітапхана қорына 100 жаңа кітапты сыйға тартты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
0,0
Оцените первым
Авторизуйтесь, щоб оцінити
Авторизуйтесь, щоб оцінити

Комментарии

Объявления
live comments feed...