• Главная
  • Батыс Қазақстан облысындағы мал азығы өртенді
20:00, 30 августа 2019 г.

Батыс Қазақстан облысындағы мал азығы өртенді

Батыс Қазақстан облысындағы мал азығы өртенді

Кеше Қаратөбе ауданының Қоржын елдімекенінде өрт шығып, 10 тонна шөп өртенді, деп хабарлайды Uralskcity.kzБатыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
29 тамыз күні кешкі сағат 17.01-де Қаратөбе ауданы Аққозы ауылдық округінің Қоржын елдімекенінде шаруашылық құрылысы жанған. Өрт 210 шаршы метр аумақты шарпып, шаруашылық иесінің қысқы мал азығы үшін жинаған 10 тонна шөбі өртенген. БҚО ТЖД жеке құрамынан төрт адам мен 1 техника оқиға орнына жіберіліп, түнгі сағат 23.05-те өрт сөндірілді. 
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі, шығын көлемі және кінәлі адамдар анықталуда.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында шаруашылықтарда өрттің шығуы жиілеп кетті. Бұған дейін Жаңақала ауданындағы Құспан қыстағынан өрт шығып, 100 шақты малдың өртеніп кеткен болатын.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
0,0
Оцените первым
Авторизуйтесь, щоб оцінити
Авторизуйтесь, щоб оцінити

Комментарии

Объявления
live comments feed...