19:46, 28 августа 2019 г.
Надежный источник

Көлік өртенді

Көлік өртенді

Кеше, 28 тамыз күні Орал қаласындағы «Астана» сауда үйі аялдамасымаңында Hyundai Accent автокөлігіөртеніп кетті, деп хабарлайды uralskcity.kz Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы  Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен түскен мәліметке қарағанда кешкі 18.15-те «Астана» сауда үйі аялдамасының маңында 2011 жылы шығарылған Hyundai Accent автокөлігі өртенген. Өртті сөндіруге жеке құрамның 6 адамы және 1 техникасы жұмылдырылып, сағат 18.28-де от толығымен жойылды.

Қазір өрттің себебі, шығыны және кінәлі тұлғалар анықталуда.

Төтеншеліктер қазіргі заманғы сериялық машиналардың материалдар отқа төзімді емес екенін және олар өрт шыққан жағдайда бірнеше минут ішінде толық жанып кетуі мүмкін екенін ескертіп, автокөлік иелері өздерінің өрт себебі болуы мүмкін автомобильдеріне де аса назар аударуы қажеттігін айтады. Уақтылы техникалық тексерулер жүргізу, бөгде иістерге, жалғағыш түтіктердің герметикалығына, жекелеген жүйелер мен агрегаттардың дұрыс жұмыс істеуіне назар аудару қажет.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
0,0
Оцените первым
Авторизуйтесь, щоб оцінити
Авторизуйтесь, щоб оцінити

Комментарии

Объявления
live comments feed...