• Главная
  • КӨЛІКТІ АЙДАП КЕТІП, ӨРТЕП ЖІБЕРГЕН
16:30, 22 августа 2019 г.
Надежный источник

КӨЛІКТІ АЙДАП КЕТІП, ӨРТЕП ЖІБЕРГЕН

КӨЛІКТІ АЙДАП КЕТІП, ӨРТЕП ЖІБЕРГЕН

21 тамызға қараған түні Орал қаласы полицейлері Орал қаласының 1992 жылғы азаматына тиесілі «ВАЗ-2109» автокөлігін ұрлап кеткен 2002 жылғы жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды uralskcity.kz БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зардап шегуші машинасын ауласына қойып, қобдишасына 150 мың теңге қалдырып кеткен. Жедел-іздестіру шаралары кезінде автокөлік облыс орталығына таяу маңдағы Хан тоғайынан табылды. Автокөлікті айдап кеткен 17 жасар азамат ізін жасыру үшін көлікті бөлшектеп, кейбір бөліктерін сатып жіберіп, ал қаңқасын өртеп жіберген. Ұсталған азаматтан кілттер жинағы, дәрі қобдишасы және дөңгелектер сынды дәлелді заттар тәркіленді.

Аталған факті бойынша қазіргі уақытта Абай полиция бөлімі Қылмыстық Кодекстің 200-бабы 1-тармағына сай сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
0,0
Оцените первым
Авторизируйтесь, чтобы оценить
Авторизируйтесь, чтобы оценить

Комментарии

Объявления
live comments feed...