ОРАЛДА ЕМХАНАЛАР СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУҒА БЕРІЛМЕК

ОРАЛДА ЕМХАНАЛАР СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУҒА БЕРІЛМЕК

Бұл туралы 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өткен кеңейтілген алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды uralskcity.kz.

2017 жылы қаладағы №4 емхана сенімгерлік басқаруға берілген болатын. 2018 жылдың қорытындысы бойынша емхананың көрсеткіштері жақсарып отыр. Пациенттерден шағым азайып, кадрлардың алмасуы да төмендеді. Бас дәрігердің сөзіне сүйенсек, аталмыш емханада маман тапшылығы байқалмайды. Өткен жылы емхананың түсімі 60 млн. теңгеге жеткен. Қызмет көрсету сапасы да жақсарғанын атап өткен жөн.

– Бұл – жақсы көрсеткіш деп санаймыз. Алдағы бір ай ішінде басқа да емханаларды сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы ұсыныс жасайтын боламыз, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрданат Беркінғали. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Оцените первым
(0 оценок)
Пока еще никто не оценил
Пока никто не рекомендует
Авторизируйтесь ,
чтобы оценить и порекомендовать
Комментарии