• Главная
  • Оралда банкомат картасын ұрлайтындар көбейді
12:28, 8 августа 2019 г.
Надежный источник

Оралда банкомат картасын ұрлайтындар көбейді

Оралда банкомат картасын ұрлайтындар көбейді

БҚО Полиция департаментіне жыл басынан бері қалта ұрлығына қатысты 175 факті тіркелген. Оның ішінде өзгелердің банкомат картасын ұрлап, есепшоттарынан ақша шешіп үлгергендері де бар. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды uralskcity.kz. 

Мәселен, 31 шілде күні күндізгі уақытта белгісіз біреу қаладағы сауда үйлердің бірінде 1967 жылғы азаматшаның сөмкесінен жасырын түрде «Каспий Голд» банкомат картасын ұрлап кеткен. Қолданылған шаралар барысында 1980 жылғы азамат анықталып, ұсталды. Сондай-ақ, осыған ұқсас жағдай шілденің 21 күні қаладағы Мұхит көшесінің бойындағы «Береке» дүкенінің жанында орын алған болатын. Белгісіз азамат еркін түрде 50 жасар қала тұрғының сөмкесінен «Халық банкі» банкомат картасын қолды қылып, артынан сол карта арқылы есеп шотынан 11 мың теңге ақшасын шешіп алған. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 1993 жылғы азаматша анықталып, ұсталды. Ұрланған зат тәркіленді.

Аталған екі факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Полицейлер банк карточкаларын пин-кодтарымен (карточкаға жазылған немес қағазға жазылған) сақтауға мүлдем болмайтынын ескертеді.   

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
0,0
Оцените первым
Авторизуйтесь, щоб оцінити
Авторизуйтесь, щоб оцінити

Комментарии

Объявления
live comments feed...