• Главная
  • «БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІНІҢ» ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ
18:48, 1 августа 2019 г.
Надежный источник

«БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІНІҢ» ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

«БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІНІҢ» ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

Батыс Қазақстан облысы бойынша 108 жалпы орта білім беру мектептері жанынан «Балақайлар мектебі» ұйымдастырылады. Бұл туралы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Балақайлар мектебі» – бұл мектепке дайындық топтар, бүлдіршіндерді бірте-бірте және мұқият мектепте оқуға дайындайтын болады. Оқыту қазақ және орыс сыныптарында оқуға дайындық бойынша топтарда жүргізіледі. Сабақ күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін бір ай бойы өтеді.

Дайындық бағдарламасына Сөйлеуді дамыту, Сауат ашу негіздері (оқу, жазу, грамматика), Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру (логика, математика), Орыс тілі (қазақ топтары үшін), Қазақ тілі (орыс топтары үшін), Ағылшын тілі, ұсақ қол моторикасын және ой-қиялдарын дамыту бойынша Сурет салу, Мүсіндеу, Аппликация, Құрастыру ұйымдастырылған оқу қызметтері кіреді.

Барлық сұрақтар бойынша жергілікті білім беру бөлімдеріне хабарласуға болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
0,0
Оцените первым
Авторизируйтесь, чтобы оценить
Авторизируйтесь, чтобы оценить

Комментарии

Объявления
live comments feed...