• Главная
  • Арнаулы санаттағы отбасы балалары үшін грант жарияланады
Арнаулы санаттағы отбасы балалары үшін грант жарияланады
17:15, 26 июля 2019 г.

Арнаулы санаттағы отбасы балалары үшін грант жарияланады

Арнаулы санаттағы отбасы балалары үшін грант жарияланады
Арнаулы санаттағы отбасы балалары үшін грант жарияланады

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкіміне сәйкес облыс бойынша көп балалы немесе атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға республикалық бюджет қаражаты есебінен гранттар бөлінді. БҚО әкімдігі жоғары оқу орындары арасында жоғары білімді мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жариялады.

Конкурс бойынша білім беру бағдарламасының 27 тобы бойынша 30 мамандыққа сай 100 грант бар. Оның көпшілігі, яғни 35 грант жалпы медицина тобына бөлінбек. Конкурсқа қатысу үшін жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» №122 бұйрығы талаптарына сәйкес құжаттарды тапсырады.

Оқу орындары конкурсқа қатысу үшін 2019 жылдың 25-30 шілде аралығында, 09000 индексі, Орал қаласы С.Есқалиев көшесі, 72 үйде орналасқан мекенжайда, облыстық білім басқармасына өтініш берулері керек.

Ал бұл қосымша гранттар мемлекеттік грант иегерлері анықталған соң талапкерлер арасында бөлінетін болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
0,0
Оцените первым
Авторизуйтесь, щоб оцінити
Авторизуйтесь, щоб оцінити

Комментарии

Объявления
live comments feed...