17:10
11 октября
24 шілде күні сағат 15.10-да полицияға 1991 жылғы қала тұғынының телефоны ұрланғаны туралы хабар түскен. Ұрлықшылар күш қолданып, ашық түрде оның телефонын алып кеткен.
Күдіктілердің кескіндері бойынша патрульдік жасаққа және басқа да қызметтерге бағдар беріліп, жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде Орал қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлері күдікті деп танылған 1987 және 1994 жылғы Орал қаласының екі тұрғынын ұстады.
Ұсталғандар жасаған қылмыстарын мойындап отыр. Қазіргі уақытта осы факт бойынша Қылмыстық Кодекстің 191-бабы 2-тармағымен тергеу амалдары басталды.
Комментарии