• Главная
  • Композитор Е.Хасанғалиев әндерін орындаушылар байқауының жеңімпаздары анықталды
18:00, 17 июля 2019 г.

Композитор Е.Хасанғалиев әндерін орындаушылар байқауының жеңімпаздары анықталды

Композитор Е.Хасанғалиев әндерін орындаушылар байқауының жеңімпаздары анықталды

Екі күн бойы Ақ Жайық жерін әнге бөлеген Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан» орденінің иегері, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің әндерін орындаушылардың ХІ халықаралық «Атамекен» ән фестивалі мәресіне жетті. Жеңімпаздар бүгін анықталып, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында салтанатты түрде марапатталды.

Байқауға республиканыңәр түкпірінен және Өзбекстан елінен 29 әнші қатысты. Он бірінші мәрте ұйымдастырылған фестиваль эстрадамен қатар романс жанры бойынша оздырылды.Атамекендегі ән байқауына әнші-композитор асыл жары, сырласы әріпродюсері Дарико Сопыжанқызы, немересі Зере және ұлы Біржан Хасанғалиевпен бірге келіп, екі күндік фестиваль қатысушыларының өнеріне сарапшы болды.Нақтыларқа айтқанда әншілердің өнерін Ескендір Хасанғалиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Қанатқали Қожақов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры, Қазақстан Республикасы оқу саласының құрметті қызметкері Біржан Хасанғалиев, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Дәурен Сейітжанов пен Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, ІV халықаралық «Атамекен» ән фестивалінің бірінші орын иегері, әнші Таңат Жексенбаев бағалады.

Байқау нәтижесінде «Романс» жанры бойынша Тараз қаласының тумасы Д.Көшкінбаев бас жүлдені иеленді. Алматылық әнші Ержан Жұманиязов – бірінші, Жандарбек Еркінбаев – екінші, өскемендік Мақсат Саматов – үшінші орындарды иеленіп, лауреат атағын алды. «Эстрада» жанры бойынша Ақ Жайықтыңәншісі Айбек Дәулетқалиев бас жүлдені жеңіп алды. Оралдық тағы бір өнерпаз Тарас Жауымбаев – бірінші, Нұр-Сұлтан қаласының әншісі Айдын Жұмабаев – екінші, қарағандылық Самат Шонов пен Нұр-Сұлтан қаласынан Мейіржан Смалтыров – үшінші орынмен марапатталды.

Бас жүлдегерлерлерге – 650 мың, бірінші орын иегерлеріне – 450 мың, екінші орын алғандарға – 350 мың, үшінші орын жжжүлдегерлеріне – 200 мың теңгеден сый берілді. Сондай-ақ байқаудың дипломанты атанған бес өнерпаз 100 мың теңгеден ақшалай сый алды.

Айта кету керек, Орал өңірінде аталмыш байқау 2000-шы жылдан бері өткізіліп келеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
0,0
Оцените первым
Авторизуйтесь, щоб оцінити
Авторизуйтесь, щоб оцінити

Комментарии

Объявления
live comments feed...