18+

Кредиттерді есептен шығарудың орынсыздығы туралы пікір

Заң шығарушылар алдында жеке тұлғалардың банкроттығын енгізу қажеттілігі туралы мәселені қайта көтерді деп NUR.KZ-ке сілтеме жасай отырып Uralskcity.kz хабарлайды.

Мәжіліс депутаты Дания Еспаева («Ақ жол» ҚДП фракциясынан) палатаның пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға кепілсіз тұтынушылық кредиттерді есептен шығаруға мемлекеттік бюджеттен 106 млрд.теңге бөлінгеніне назар аударды. Депутаттың пікірінше, бұл миллиардтаған ақша қаражатын даму бағдарламаларына, тұрғын үй құрылысы мен білім беру бағдарламасына бағыттау тиімді болатын еді.

Сонымен қатар, Д.Еспаева кредит бойынша қарыздарды есептен шығару қазақстандықтарды тең емес жағдайға жеткізді деп санайды.

- Бұл акция бір рет жарияланғанына қарамастан, болашақта төлемдер жасай алмайтындар саны тағы да шекті деңгейге дейін өспейтініне ешқандай кепілдік жоқ және әлеуметтік шиеленісті төмендету үшін акцияны қайталау қажеттілігі қайтадан пайда болады, себебі прецедент қазірдің өзінде қалыптасты, - деп халық сайлаушысының қаупін ақпарат көзі жеткізді.

Ол заң шығарушы билік өкілдеріне 2015 жылы Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасына бастамашылық еткенін, бірақ үкіметте құжатты қолдамағанын еске салды.

- Сол кезде бізді осындай заң жобасы қаржы министрлігінде дүниежүзілік банкпен бірлесіп дайындалып жатыр деп сендірді. Қазір 2019 жыл және ол заң қайда? Үкімет мұндай заңды қабылдау табыстарды жалпыға бірдей декларациялауды енгізумен байланысты, бірақ ол шараға көшу қазіргі таңда 2025 жылға тағы ауыстырылды. Осы бес жыл ішінде біздің азаматтарымыз тағы бес рет несие алып, оларды қайтармай үлгерді, алда да олар несиені жауып беруді жай сұрамай, несиелерін, жүздеген миллиард қарызды мемлекет есебінен есептен шығаруды талап ететін болады.

Бюрократиялық қағазбастылықтың бағасы тым жоғары емес пе? Егер Үкімет біздің фракцияның жеке тұлғалардың банкроттығын енгізу туралы ұсыныстарымызға бес жыл бұрын қолдағанда, бүгінгі таңда төлем қабілеті жоқ азаматтардың қарыздарын өтеуге үлкен қаражатты жұмсаудың қажеті жоқ еді, - деп есептейді спикер.

Мемлекеттің өз азаматтарымен қаржылық өзара қарым-қатынасы мәселелерінде дамыған елдердің тәжірибесіне қарай отырып, Дания Еспаева Еуропада борыштарды ауқымды есептен шығаруды қолданбайтынын атап өтті. Төлем қабілеті жоқ қарыз алушылар жөніндегі мәселе оларда банкроттық туралы арнайы заңдар шеңберінде құқықтық алаңда шешіледі.

Депутат Қаржы министрі Әлихан Смаиловтың және Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаевтың атына тиісті депутаттық сауал дайындап, Үкіметке «Ақ жол» ҚДП бастамасын қолдауды ұсынды.