18+

ОРАЛДА ЕКІ ПӘТЕРЛІ ҮЙ ӨРТЕНДІ

Өрт оқиғасы 21 тамызға қараған түні болған.Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды uralskcity.kz .

Зашаған кенті Жәңгірхан 27/1 мекенжайындағы екі пәтерлі үйде орын алған өрт туралы БҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына түнгі сағат 01.41-де  қоңырау келіп түскен.Бірнеше минуттан кейін №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері шақырту орнына келді. Сондай-ақ №8 және №5 өрт сөндіру бөлімшелерінен қосымша техника шақыртылған.  Анықталғандай, тұрғын үйдің шатыры мен қабырғалары өртенген. Тілсіз жау 220 шаршы метр аумақты шарпып өткен. Сағат 03.45-те  толығымен сөндірді. Жалынды сөндіруге жеке құрамнан 18 адам және 5 техникасы жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ.