Құрметті оралдықтар және қала қонақтары!
Сіздерді 21 қазан күні Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өтетін биші, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты Ақтілек Мұхтарқызының «Ақ Жайыққа ақ тілекпен...» атты шығармашылық концертіне шақырамыз.
Кеш қонақтары: XXVII халықаралық «Славян базары - 2018» байқауының лауреаты, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасындағы «Екі жұлдыз» жобасының қатысушысы, әнші ӘМІРЕ, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты, әнші, сазгер МҰХТАР РАМАЗАНОВ және «ҚАРЛЫҒАШ ҚАДЫРБЕКОВА» БИ СТУДИЯСЫ.

Кеш жүргізушісі Жанайдар Сапарғали.
Басталуы: сағат 18.00
Кіру: ТЕГІН